Өткен тәулікте Алматы облысында 254 адам КВИ жұқтырған

Өткен тәулікте Алматы облысында 254 адам КВИ жұқтырған

Соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында 38 жағдай, Талғар ауданында - 35, Талдықорған қаласы менАлакөл ауданында 34 жағдайдан, Іле ауданы мен Текелі қаласында 16 жағдайдан, Сарқан ауданында – 14, Ескелді ауданында – 12, Қаратал ауданында – 11, Қарасай және Кербұлақ аудандарында 10 жағдайдан, Балқаш және Панфилов аудандарында 5 жағдайдан, Кеген, Ұйғыр аудандарында 4 жағдайдан, Қапшағай қаласында – 3, Райымбек ауданында – 2, Ақсу ауданында 1 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ 481 адам емделіп шықты. Өңір "САРЫ" аймақта.

21.09.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 1957 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 106 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 5190. Төсек-орын жүктемесі – 37,7 %.

Соңғы 3 күнде 8217 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 734 495. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3066. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 624 658. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4393.