
Өткен демалыс күндері елордада облыстың 17 ауданы мен 3 қаласының және "Жетісу "ӘКК" ӨДК АҚ-ның қатысуымен кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Алматы облысының ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері нарықтық бағадан төмен бағамен 462 тоннадан астам сапалы және экологиялық таза өнім ұсынды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ассортиментте 50 атаулы өнім болды. Оның ішінде жалпы сомасы 214,4 млн. теңгеге 54,1 тонна ет, 26 тонна сүт, 103,6 тонна көкөніс, 3,8 тонна балық өнімдері, 45,3 тонна жеміс-жидек, 39 тонна картоп және 237 тоннадан астам өзге де өнімдер.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі