
Соның ішінде Талдықорған қаласында 46 жағдай, Еңбекшіқазақ ауданында – 37, Талғар ауданында – 30, Қарасай ауданында – 29, Ұйғыр ауданында – 14, Жамбыл ауданы мен Текелі қаласында 10 жағдайдан, Іле ауданында – 9, Панфилов ауданында – 8, Ескелді және Қаратал аудандарында 6 жағдайдан, Алакөл ауданында – 5, Кербұлақ және Көксу аудандарында 3 жағдайдан, Балқаш және Сарқан аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Сондай-ақ 425 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.
14.09.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 2331 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 134 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 38,3 %.
Соңғы 3 күнде 8249 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 712 120. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3337. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 597 787. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3104.