
Соның ішінде Талдықорған қаласында 73 жағдай, Еңбекшіқазақ ауданында – 31, Іле ауданында – 27, Талғар ауданында – 20, Қарасай және Панфилов аудандарында 18 жағдайдан, Текелі қаласында – 15, Жамбыл және Ұйғыр аудандарында 12 жағдайдан, Ескелді ауңданында – 8, Балқаш, Қаратал аудандары мен Қапшағай қаласында 6 жағдайдан, Алакөл ауданында – 5, Кеген ауданында – 3, Кербұлақ және Көксу аудандарында 2 жағдайдан, Райымбек ауданында 1 жағдай тіркелді.
Сондай-ақ 371 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.
08.09.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 2710 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 271 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 44,5 %.
Соңғы 3 күнде 8208 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.
Өткен тәулікте науқастармен қарым-қатынаста болған 12 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 699 345. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4402. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 581 368. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3424.