
Соның ішінде Талдықорған қаласында 65 жағдай, Қарасай ауданында – 31, Көксу ауданында – 20, Талғар ауданында – 19, Іле ауданында – 18, Панфилов ауданында – 17, Кербұлақ ауданында – 16, Алакөл ауданында – 15, Сарқан ауданы мен Текелі қаласында 13 жағдайдан, Еңбекшіқазақ ауданында – 12, Ескелді және Ұйғыр аудандарында 10 жағдайдан, Жамбыл ауданында – 9, Қаратал ауданында – 7, Балқаш ауданында – 3, Кеген ауданында 1 жағдай тіркелді.
Сондай-ақ 152 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.
06.09.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 2890 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 228 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 47,5 %.
Соңғы 3 күнде 9120 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 690 710. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1936. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 574 047. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1417.