Өткен тәулікте Алматы облысында 270 адам КВИ жұқтырған

Өткен тәулікте Алматы облысында 270 адам КВИ жұқтырған

Соның ішінде Талдықорған қаласында 82 жағдай, Талғар ауданында – 42, Еңбекшіқазақ ауданында – 20, Ескелді және Панфилов аудандарында 18 жағдайдан, Жамбыл ауданында – 12, Қарасай ауданында – 10, Іле және Ұйғыр аудандарында 9 жағдайдан, Қаратал ауданында – 8, Ақсу және Көксу аудандарында 7 жағдайдан, Балқаш ауданы мен Қапшағай, Текелі қалаларында 6 жағдайдан, Кербұлақ және Кеген аудандарында 4 жағдайдан, Райымбек және Сарқан аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ 365 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.

01.09.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 3099 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 277 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 50,9 %.

Соңғы 3 күнде 6589 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 36 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 675 128. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4102. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 553 345. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 6763.