АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ СИМВОЛЫ

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ СИМВОЛЫ

Алматы облысының әкімі

Амандық Ғаббасұлы Баталовтың

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен

құттықтауы

 

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – біздің ең қастерлі де құнды құжатымыз, тәуелсіздігіміздің символы. Ол – қоғамдағы барлық қатынастарды реттеудің алғышарты. Тәуелсіздік жылдарында Ата Заңымыз қабылданғаннан бері Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанда демократиялық құндылықтар қалыптасып, мемлекеттік билік тармақтары мен халықтың құқықтық қарым-қатынастары берік орнықты, елдің тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ілгерілеу мен жасампаздық жолындағы жаңа бастамаларына Конституция негізгі тірек болып келеді. Биылғы жылдың шілде айында ауылдық округ әкімдері сайлауының өтуі – еліміздің демократиялық қоғам құрудағы маңызды қадамдарын, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екенін айғақтайды.

Қадірлі жерлестер!

Барша қазақстандықтармен қатар жетісулықтар да Негізгі Заңның аясында өз таңдауын жасап, қалауынша білім алып, жеке кәсібін дөңгелентіп, еселі еңбек етіп, өзін-өзі жетілдіріп, еркін өмір сүруде.

Ата Заңымыздағы отаншылдық пен гуманистік идеяларды берік ұстанып, Конституцияға құрмет көрсете отырып, қоғамда бірлікке, еңбекте табысқа жете береміз деп ойлаймын. 

Сіздерге осынау мерейлі күнде зор денсаулық, толайым табыс, мызғымас бірлік, таусылмас бақытты ғұмыр тілеймін.