Жаңа балабақша ашылды

Жаңа балабақша ашылды

Конституция күні қарсаңында Жамбыл ауданында жаңа балабақша ашылды. Аудандағы бөбекжай көрсеткіші 99,7 пайызға өсті. Жалпы облыс бойынша 1325 балабақша қызмет істейді және олар 101,7 мың баланы қабылдайды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында ашылған "Айжұлдыз" балабақшасына жергілікті бюджеттен 262 млн.теңге бөлінген. Екі қабаттан тұратын 100 орындық ғимаратта балалар үшін барлық жағдай жасалған. Бөбекжайдың ашылуына аудан әкімі Нұрлан Ертас қатысты.

Ал жалпы Жамбыл ауданындағы балабақша саны 116 болса, оның 85-і жеке меншік, 18-і мемлекеттік, 13-і мектепке дейінгі шағын орталықтар.

Айта кету керек, Алматы облысында 3-6 жас аралығында балабақшаға баратындардың нәтижесі 95,4 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін 99 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Облыстық білім басқармасының мәлеметінше, мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде әр топта 20-25 баламен жұмыс істейді. Оның үстіне мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңартып, жаңа бағыт бойынша, заманауи бағытта жұмыс істеу жоспарланған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі