
Соның ішінде Талдықорған қаласында 67 жағдай, Панфилов ауданында – 43, Талғар ауданында – 33, Жамбыл ауданында – 30, Еңбекшіқазақ ауданында – 28, Іле және Қарасай аудандарында 27 жағдайдан, Қаратал ауданында – 24, Алакөл ауданында - 21, Кербұлақ, Балқаш аудандарында 15 жағдайдан, Ұйғыр ауданы мен Текелі қаласында 13 жағдайдан, Ескелді ауданында – 12, Сарқан ауданында – 10, Көксу ауданында – 9, Қапшағай қаласында – 2, Ақсу ауданында 1 жағдай тіркелді.
Сондай-ақ 156 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.
27.08.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 3239 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 371 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 53,2 %.
Соңғы 3 күнде 13240 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 27 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 659 331. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 5016. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 530 642. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 6101.