
Жетісу жерінде 76 колледж жұмыс істейді. Онда білім алатын тәлімгерлер 75 мамандық және 133 біліктілік бойынша маман болып шығады. Бүгінгі күні оларда оқып жатқан 32 мың студенттің 8300 кәсіптік жұмыскер мамандығын меңгеруде. Соған қарамастан 19 мыңнан астам студент немесе білім алушылардың 58,4%-ы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының мәліметтеріне қарағанда, колледж бітірушілерді жұмыспен қамту мәселесі шешімін табуда. 38 колледж қосылған қосарлы білім беру жүйесінің аясында облыстағы 487 кәсіпорынмен келісім-шарт жасалып отыр. «Жас маман» жобасын жүзеге асыру өңірдегі 12 колледжде жүргізілуде. Былтыр 5 колледждің материалды-техникалық базасын жаңарту үшін республикалық бюджеттен 1,6 миллиард теңге бөлінсе, 2021 жылы 7 колледж үшін тағы 2,0 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің дамуына серпін беріп, жоғары білікті жұмысшы мамандарын дайындау ісін ілгерілете түседі.
Сонымен қатар, Елбасы 5 әлеуметтік бастамасы аясында облыста 1718 орындық 9 жатақхананың құрылысы жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, былтыр Алматы облысында 818 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді. Олардың құрылысына жергілікті бюджеттен 4,4 миллиард теңге бөлінген болатын.
– Биыл Талдықорған қаласындағы музыкалық колледждің 100 орындық жатақханасының құрылысына жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге бөлініп отыр. Дәл қазір конкурсттық рәсімдер өткізілуде, – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұманов.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі