Өткен тәулікте Алматы облысында 408 адам КВИ жұқтырған

Өткен тәулікте Алматы облысында 408 адам КВИ жұқтырған

Соның ішінде Талдықорған қаласында 86 жағдай, Талғар ауданында – 58, Ескелді ауданында – 35, Текелі қаласында – 31, Жамбыл ауданында – 30, Қарасай ауданында – 28, Панфилов ауданында – 26, Сарқан ауданында – 24, Еңбекшіқазақ ауданында – 22, Іле ауданында – 15, Қаратал және Көксу аудандарында 13 жағдайдан, Балқаш және Ұйғыр аудандарында 10 жағдайдан, Кеген ауданында – 4, Ақсу ауданында 3 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ 424 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.

23.08.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 3466 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 99-ы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 282 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 5900. Төсек-орын жүктемесі – 63 %.

Соңғы 3 күнде 9652 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 13 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 644 257. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1514. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 510 847. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4187.