Өткен тәулікте Алматы облысында 400 адам КВИ жұқтырған.

Өткен тәулікте Алматы облысында 400 адам КВИ жұқтырған.

Соның ішінде Талдықорған қаласында 50 жағдай, Талғар және Іле аудандарында 42 жағдайдан, Еңбекшіқазақ ауданында – 33, Көксу ауданында – 31, Ескелді және Қаратал аудандарында – 28, Панфилов ауданында – 21, Қарасай және Алакөл аудандарында – 19, Сарқан ауданында – 15, г.Текели – 14, Кербұлақ ауданында – 12, Жамбыл ауданында – 11, Балқаш ауданында – 10, Ұйғыр және Кеген аудандарында 9 жағдайдан, Қапшағай қаласында 7 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ 354 адам жазылып шықты. Өңір "ҚЫЗЫЛ" аймақта.

20.08.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 3309 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 86-ы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 314 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 5900. Төсек-орын жүктемесі – 56 %.

Соңғы 3 күнде 12683 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 40 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 635 211. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3941. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 501 909. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4187.