
18.08.2021 жылғы дерек бойынша облыста 38 063 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеруде расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 477, өсім деңгейі – 1,3%. Соның ішінде Талдықорғанда – 106, Іле ауданында – 60, Жамбыл ауданында – 46, Панфилов ауданында – 45, Еңбекшіқазақ ауданында – 39, Талғар ауданында – 37, Қарасай ауданында – 21, Көксу ауданында – 16, Балқаш, Ұйғыр аудандарында – 14-тен, Ескелді ауданында – 13, Қартал ауданында – 10, Кербұлақ, Алакөл ауданында – 8, Текелі қаласында – 30, Қапшағай қаласында – 6, Кеген, Райымбек аудандарында – 2-ден.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 6136 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 18. Соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында – 15, Кеген ауданында – 3. Олармен 28 адам қарым-қатынаста болған, барлығы да үй карантинінде, медициналық мамандардың бақылауында.
18.03.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 856 129 адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9282.
Жалпы саны 3280 адам стационарлық ем қабылдауда, соның ішінде 73-інің хәлі ауыр. Ауруханаларға бір тәулікте 387 адам түскен, 464 адам шығарылған. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 59,6 %.
Өткен тәулікте барлығы 215 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.
18.08.2021 жылғы дерек бойынша COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4216 адам, 2-ші компонентін 5641 адам алды.