Соңғы тәулікте 300 адам коронавируспен ауырды

Соңғы тәулікте 300 адам коронавируспен ауырды

13.08.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 36123 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 300 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 0,8 %.

Соның ішінде Ақсу ауданында – 2, Алакөл ауданында – 17, Балқаш ауданында – 10, Еңбекшіқазақ ауданында - 27, Ескелді ауданында – 13, Жамбыл ауданында – 12, Іле ауданында - 35, Қарасай ауданында - 10, Қаратал ауданында - 9, Кербұлақ ауданында – 10, Кеген ауданында – 5, Көксу ауданында – 6, Панфилов ауданында – 9, Сарқан ауданында – 2, Талғар ауданында – 24, Ұйғыр ауданында – 10, Қапшағай қаласында - 5, Талдықорған қаласында – 83, Текелі қаласында - 11.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 6018 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 19, Еңбекшіқазақ (12), Кеген (7) аудандарында анықталды. Олармен 66 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 3178 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 56-сы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 341 адам түсті, 324-і шығарылды. Төсек-орын саны – 5500, жүктеме - 57,7%.

08.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 840022 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 12382.