Соңғы тәулікте 300 адамның КВИ жұқтырғаны анықталды

Соңғы тәулікте 300 адамның КВИ жұқтырғаны анықталды

12.08.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 35823 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 300 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 0,8 %.

Соның ішінде Алакөл ауданында – 21, Балқаш ауданында – 12, Еңбекшіқазақ ауданында - 24, Ескелді ауданында – 12, Жамбыл ауданында – 21, Іле ауданында - 31, Қарасай ауданында - 20, Қаратал ауданында - 14, Кербұлақ ауданында – 13, Кеген ауданында – 5, Көксу ауданында – 9, Панфилов ауданында – 25, Райымбек ауданында – 2, Сарқан ауданында – 7, Талғар ауданында – 37, Ұйғыр ауданында – 11, Қапшағай қаласында - 5, Талдықорған қаласында – 19, Текелі қаласында - 12.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5999 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 49, Еңбекшіқазақ (11), Кеген (2) аудандарында, Қапшағай (36) қаласында анықталды. Олармен 54 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 3161 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 57-сі жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 355 адам түсті, 296-сы шығарылды. Төсек-орын саны – 5500, жүктеме - 57,4%.

08.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 836258 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 10824.

Соңғы тәулікте коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1 компонентін 6365 адам, 2 компонентін 6961 адам салғызды. Екпені жалпы саны 601084 адам алды.