Соңғы тәулікте 350 адам КВИ жұқтырған

Соңғы тәулікте 350 адам КВИ жұқтырған

11.08.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 35523  дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 350 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 1,0 %.

Соның ішінде Алакөл ауданында – 11, Балқаш ауданында – 8, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Ескелді ауданында – 10, Жамбыл ауданында – 12, Іле ауданында - 23, Қарасай ауданында - 27, Қаратал ауданында - 26, Кербұлақ ауданында – 9, Көксу ауданында – 9, Панфилов ауданында – 20, Сарқан ауданында – 2, Талғар ауданында – 64, Ұйғыр ауданында – 5, Қапшағай қаласында - 6, Талдықорған қаласында – 72, Текелі қаласында - 18.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5950 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 46, Еңбекшіқазақ (12), Кеген (7) аудандарында, Қапшағай (19), Талдықорған (8) қалаларында анықталды. Олармен 66 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 3102 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 59-сы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 310 адам түсті, 339-ы шығарылды. Төсек-орын жүктемесі - 56,4 %.

08.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 831599 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 8537.

Соңғы тәулікте коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1 компонентін 6804 адам, 2 компонентін 7896 адам салғызды.