Соңғы тәулікте өңірде 270 адам КВИ жұқтырған

Соңғы тәулікте өңірде 270 адам КВИ жұқтырған

10.08.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 35173 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 270 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 0,8 %.

Соның ішінде Ақсу ауданында – 5, Алакөл ауданында – 8, Балқаш ауданында – 7, Еңбекшіқазақ ауданында - 26, Ескелді ауданында – 19, Жамбыл ауданында – 16, Іле ауданында - 15, Қарасай ауданында - 37, Қаратал ауданында - 5, Кербұлақ ауданында – 1, Панфилов ауданында – 25, Райымбек ауданында – 5, Талғар ауданында – 34, Ұйғыр ауданында – 10, Кеген ауданында – 6, Қапшағай қаласында - 5, Талдықорған қаласында – 34, Текелі қаласында - 6.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5904 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 22, Еңбекшіқазақ (12) ауданында, Талдықорған (10) қаласында анықталды. Олармен 16 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 3131 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 61-і жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 282 адам түсті, 232-сі шығарылды. Төсек-орын жүктемесі - 62,6 %.

08.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 827640 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 8118.