Соңғы тәулікте өңірде 244 адам КВИ жұқтырған

Соңғы тәулікте өңірде 244 адам КВИ жұқтырған

09.08.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 34903 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 244 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 0,7 %.

Соның ішінде Ақсу ауданында – 2, Алакөл ауданында – 21, Балқаш ауданында – 7, Еңбекшіқазақ ауданында - 17, Ескелді ауданында – 8, Жамбыл ауданында – 22, Іле ауданында - 9, Қарасай ауданында - 30, Қаратал ауданында - 12, Кербұлақ ауданында – 41, Панфилов ауданында – 4, Сарқан ауданында – 11, Талғар ауданында – 16, Ұйғыр ауданында – 10, Кеген ауданында – 4, Талдықорған қаласында – 20, Текелі қаласында - 10.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5882 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 17, Еңбекшіқазақ (15), Кеген (10) аудандарында, Талдықорған (1) қаласында анықталды. Олармен 15 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 3075 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 60-сы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 326 адам түсті, 177-сі шығарылды. Төсек-орын жүктемесі - 61,5 %.

08.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 825434 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9893.