Соңғы бір тәулікте 320 адам КВИ жұқтырған

Соңғы бір тәулікте 320 адам КВИ жұқтырған

05.08.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 33659  дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 320 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 1,0%.

Соның ішінде Алакөл ауданында – 7, Балқаш ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 25, Ескелді ауданында – 10, Жамбыл ауданында – 20, Іле ауданында - 15, Қарасай ауданында - 48, Қаратал ауданында - 14, Кербұлақ ауданында – 15, Көксу ауданында – 24, Панфилов ауданында – 33, Сарқан ауданында – 11, Талғар ауданында – 43, Ұйғыр ауданында – 5, Кеген ауданында – 2, Қапшағай қаласында – 6, Талдықорған қаласында – 28, Текелі қаласында - 10.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5705 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 97, Еңбекшіқазақ (9), Қарасай (75), Кеген (10) аудандарында, Талдықорған (3) қаласында анықталды. Олармен 44 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 2644 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 56-сы жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 342 адам түсті, 288-і шығарылды. Төсек саны - 5000, жүктемесі - 52,8 %.

03.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 811730 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9957.

Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 5474 адам, 2 компонентін 10403 адам салдырды.