
04.08.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 33339 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 315 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 1,0%.
Соның ішінде Алакөл ауданында – 5, Балқаш ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Ескелді ауданында – 19, Жамбыл ауданында – 30, Іле ауданында - 21, Қарасай ауданында - 56, Қаратал ауданында - 16, Кербұлақ ауданында – 9, Көксу ауданында – 5, Панфилов ауданында – 13, Райымбек ауданында – 4, Сарқан ауданында – 1, Талғар ауданында – 48, Ұйғыр ауданында – 10, Кеген ауданында – 1, Қапшағай қаласында – 9, Талдықорған қаласында – 26, Текелі қаласында - 10.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5608 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 7, барлығы Еңбекшіқазақ анықталды. Олармен 4 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.
Бүгінгі күні 2590 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 52-сі жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 296 адам түсті, 252-сі шығарылды. Төсек саны - 4 640, жүктемесі - 55,8 %.
03.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 807714 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны –7968.
Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 5304 адам, 2 компонентін 11947 адам салдырды.