Соңғы тәулікте 311 адамнан КВИ анықталды

Соңғы тәулікте 311 адамнан КВИ анықталды

03.08.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 33024  дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 311 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 1,0%.

Соның ішінде Ақсу ауданында – 6, Алакөл ауданында – 4, Балқаш ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 29, Ескелді ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 18, Іле ауданында - 34, Қарасай ауданында - 32, Қаратал ауданында - 8, Көксу ауданында – 5, Панфилов ауданында – 12, Райымбек ауданында – 2, Талғар ауданында – 36, Ұйғыр ауданында – 11, Кеген ауданында – 3, Қапшағай қаласында – 14, Талдықорған қаласында – 76, Текелі қаласында - 13.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5601 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 36: Еңбекшіқазақ ауданында – 6, Қарасай ауданында - 30. Олармен 11 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні 2546 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 44-і жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 214 адам түсті, 155-і шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 54,8%.

02.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 804183 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 6931.

Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 4845 адам, 2 компонентін 10988 адам салдырды.