
30.07.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 31766 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 270 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 0,9%.
Соның ішінде Алакөл ауданында – 2, Балқаш ауданында – 5, Еңбекшіқазақ ауданында - 20, Ескелді ауданында – 18, Жамбыл ауданында – 12, Іле ауданында - 48, Қарасай ауданында - 33, Қаратал ауданында - 18, Кеген ауданында – 2, Кербұлақ ауданында – 18, Көксу ауданында – 7, Сарқан ауданында – 5, Талғар ауданында – 28, Қапшағай қаласында – 4, Талдықорған қаласында – 44, Текелі қаласында - 6.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5540 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 24, Еңбекшіқазақ (4), Кеген (3) аудандарында, Қапшағай (14), Талдықорған (3) қалаларында тіркелді. Олармен 30 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.
Бүгінгі күні 2172 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 45-і жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 284 адам түсті, 199-ы шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 60,1%.
29.07.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 793858 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9086.
Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 3073 адам, 2 компонентін 9845 адам салдырды.