
29.07.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 31496 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 270 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 0,9%.
Соның ішінде Алакөл ауданында – 15, Балқаш ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 25, Ескелді ауданында – 1, Жамбыл ауданында – 12, Іле ауданында - 35, Қарасай ауданында - 42, Қаратал ауданында - 15, Көксу ауданында – 4, Панфилов ауданында – 14, Райымбек ауданында – 1, Сарқан ауданында – 4, Талғар ауданында – 30, Ұйғыр ауданында – 7, Талдықорған қаласында – 58, Текелі қаласында - 3.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5517 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 14, Еңбекшіқазақ (4), Кеген (2), Талдықорған (8) қалаларында тіркелді. Олармен 21 адам байланыста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.
Бүгінгі күні 2012 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 43-і жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 259 адам түсті, 223-і шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 55,7%.
28.07.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 790903 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 8135.
Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 3836 адам, 2 компонентін 11326 адам салдырды.