Облыс әкімі Амандық Баталов Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиадада ауыр атлетикадан қола жүлдеге ие болған Зульфия Чиншанлоға құттықтау телеграммасын жолдады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Сізді Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өз шеберлігіңізді, мақсатқа жетудегі табандылығыңызды, жеңіске деген жігеріңізді тағы бір мәрте танытып, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыз және қазақстандық ауыр атлетика мектебінің жоғары деңгейін паш еттіңіз. Алматы облысы тұрғындарының атынан спортта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілеймін!» - делінген құттықтау телеграммасында.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.