
28.07.21 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 31226 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 220 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 0,7%.
Соның ішінде Еңбекшіқазақ ауданында - 24, Ескелді ауданында – 6, Жамбыл ауданында – 16, Іле ауданында - 20, Қарасай ауданында - 30, Қаратал ауданында - 14, Көксу ауданында – 3, Панфилов ауданында – 15, Сарқан ауданында – 1, Талғар ауданында – 48, Ұйғыр ауданында – 10, Қапшағай қаласында - 2, Талдықорған қаласында – 25, Текелі қаласында - 6.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5503 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 56, Еңбекшіқазақ (4), Қарасай (32), Ұйғыр (3) аудандары мен Қапшағай (15), Талдықорған (2) қалаларында тіркелді. Олармен 19 адам байланыста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.
Бүгінгі күні 1976 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 40-ының хәлі ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 288 адам түсті, 228-і шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 56,2%.
27.07.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 787883 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 6907.
Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 3745 адам, 2 компонентін 9131 адам салдырды.