Алматы облысында ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

Алматы облысында ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін  сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде 71 сайлау округі бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауы өтті.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 221952 азамат енгізілді, оның ішінде 149888 (67,7%) дауыс беруге қатысты.

Әкімдікке үміткерлер саны – 235 адам.

Барлық 71 сайлау округінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде: партия ұсынған

«Nur Otan» партиясы – 57 адам,

«Ауыл» ХДПП – 3 адам,

Өзін-өзі ұсыну арқылы – 11 адам.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының интернет-беттерінде (сілтемелер) орналастырылған және БАҚ-та жарияланған.