Бір тәулікте 260 адам КВИ жұқтырған

Бір тәулікте 260 адам КВИ жұқтырған

27.07.21 ж. дерек бойынша облыста коронавриустың зертханалық расталған 31006  дерегі тіркелді, соңғы тәуліктегі саны - 260, өсім деңгейі – 0,8%.

Соның ішінде Алакөл ауданында – 13, Балқаш ауданында - 5, Еңбекшіқазақ ауданында - 34, Ескелді ауданында – 12, Жамбыл ауданында – 22, Іле ауданында - 24, Қарасай ауданында - 20, Қаратал ауданында - 7, Кербұлақ ауданында – 12, Көксу ауданында – 4, Панфилов ауданында – 9,  Райымбек ауданында – 1, Сарқан ауданында – 3, Талғар ауданында – 47, Қапшағай қаласында - 1, Талдықорған қаласында – 42, Текелі қаласында - 4.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның  5447 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 69 жағдай Еңбекшіқазақ (4), Қарасай (44) аудандарында, Қапшағай (8), Талдықорған (13) қалаларында анықталды. Олармен 30 адам байланыста болғаны белгілі болды. Барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде. 

Бүгінгі күні 1916 адам стационарлық ем алуда, оның 36-сы ауыр жағдайда. Бір тәулікте ауруханаларға 179 адам түсті, 81 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 54,5%.

26.07.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен 784772 адам тексеруден өтті, ал соңғы үш күнде тексерілгендер – 6290.

Бір тәулікте вакцинаның 1-ші компонентін 4318 адам, 2 компонентін 9835 адам салдырды.