
26 шілдедегі жағдай бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 30746 дерегі тіркелді. Соңғы тәулікте вирусты 194 адам жұқтырған, өсім деңгейі – 0,6%. Соның ішінде Ақсу ауданында – 4, Алакөл ауданында – 22, Балқаш ауданында - 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 24, Ескелді ауданында – 5, Іле ауданында - 15, Қарасай ауданында - 7, Қаратал ауданында - 5, Кербұлақ ауданында – 4, Көксу ауданында – 2, Панфилов ауданында – 6, Райымбек ауданында – 3, Сарқан ауданында – 3, Талғар ауданында – 31, Ұйғыр ауданында – 10, Талдықорған қаласында – 45, Текелі қаласында - 4.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5378 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте Еңбешіқазақ ауданында 4 жағдай анықталды. Олармен 9 адам байланыста болған. Барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.
1818 адам стационарлық ем алуда, соның 35-інің жағдайы ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 200 адам түсті, 88 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 61,2%.
25.07.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен 782768 адам тексерілді, соңғы 3 күнде тексерілген адам саны - 3995.
Бір тәулікте COVID-19 қарсы вакцинаның 1 компонентін 1739 адам, 2 компонентін 3740 адам салдырды.