Алматы облысының әкімі Игорь Сонға құттықтау телеграммасын жолдады

Алматы облысының әкімі Игорь Сонға құттықтау телеграммасын жолдады

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Токиодағы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған Игорь Сонға құттықтау телеграммасын жолдады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.    

«XXXII жазғы олимпиада ойындарында үлкен нәтижеге қол жеткізуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Барша қазақстандықтармен бірге жетісулықтар да сіз қатысқан доданы ерекше толқыныспен тамашалады. Біздің үмітіміз бен сенімімізді толық ақтап, қазақстандық ауыр атлеттердің әлемнің мықты спортшыларының қатарында екенін дәлелдедіңіз.

Біз Сізбен мақтанамыз және қола медаль үшін рахмет айтамыз. Бұл жеңіс - аса тартысты спорттық жарыста Сіздің шеберлігіңіз бен жаттықтырушылардың еселі еңбегінің жемісі. Алматы облысы тұрғындарының атынан Сізге мықты денсаулық, спортта жаңа белестер мен жеңістер тілеймін!» - делінген телеграммада.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.