Бір тәулікте 230 адам КВИ жұқтырды

Бір тәулікте 230 адам КВИ жұқтырды

Облыста соңғы тәулікте 230 адамның КВИ жұқтырғаны белгілі болды, аурудың таралу деңгейі – 0,8%. Соның ішінде Ақсу ауданында – 1, Балқаш ауданында - 4, Еңбекшіқазақ ауданында - 18, Ескелді ауданында - 7, Жамбыл ауданында – 15, Іле ауданында - 25, Қарасай ауданында - 22, Қаратал ауданында - 9, Кербұлақ ауданында - 7, Көксу ауданында – 3, Панфилов ауданында – 13,  Кеген ауданында – 1, Сарқан ауданында – 10,  Талғар ауданында – 28, Ұйғыр ауданында – 5, Қапшағай қаласында – 1, Талдықорған қаласында – 55, Текелі қаласында - 6.

Барлығы 379 адам стационарлық ем қабылдауда. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 48,6%. Бір тәулікте ауруханалардан 11 пациент шығарылды. 

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5263 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте - 11 жағдай: Ұйғыр (2),  Кеген (1) аудандары мен Қапшағай (7), Талдықорған (1) қалаларында. Олармен 10 адамның байланыста болғаны анықталған. Барлығы медициналық бақылауда, үй карантиніне алынды.

22.07.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен  775773 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы тәулікте тексерілгендер саны – 6794.

Бір тәулікте Covid-19 қарсы вакцинаның бірінші компонентін 4494 адам, ІІ компонентін 7962 адам алды. Облыс бойынша барлығы 517457 адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды.