Соңғы тәулікте өңірде 160 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте өңірде 160 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте облыста 160 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, аурудың таралу деңгейі – 0,5 %. Соның ішінде Ақсу ауданында – 2, Алакөл ауданында – 7, Балқаш ауданында - 3, Еңбекшіқазақ ауданында - 18, Ескелді ауданында - 3, Жамбыл ауданында – 12, Іле ауданында -15, Қарасай ауданында - 17, Қаратал ауданында - 4, Кербұлақ ауданында – 5, Көксу ауданында – 2, Панфилов ауданында – 7,  Райымбек ауданында – 1, Талғар ауданында – 30, Талдықорған қаласында – 31, Текелі қаласында - 3.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5236 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте - 18 дерек Қарасай (14), Кеген (4) аудандарында тіркелді. Олармен 21 адамның байланыста болғаны анықталды, барлығы да медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде.

20.07.21 жылдағы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 771250 адам зертханалық тексеруден өтті.

Барлығы 348 адам стационарлық ем қабылдауда, соңғы тәулікте стационардан  42 пациент шығарылды.

Соңғы тәулікте COVID-19 қарсы вакцинаның І компонентін  1957 человек, ІІ компонентін 2549 адам алды. Облыс бойынша барлығы 501 612 адам вакцина салдырды.

Өңір вирустың таралуы бойынша "қызыл аймақта".