Өткен тәулікте Алматы облысында 188 адамнан коронавирус анықталды.
Соның ішінде Іле ауданында - 36 жағдай, Талдықорған қаласында - 33, Талғар ауданында 26 жағдай, Қарасай ауданында – 15, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында 12 жағдайдан, Қаратал ауданында 11 жағдай, Панфилов ауданында – 9, Алакөл ауданында – 7, Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында 6 жағдайдан, Көксу ауданында – 5, Ескелді ауданында – 4, Балқаш ауданында – 3, Сарқан ауданында – 2, Текелі қаласында 1 жағдай тіркелді.
Сондай-ақ 62 адам жазылып шықты.
Ауруханаларда 1055 адам ем қабылдауда, 33-нің жағдайы ауыр. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 50 %-ке толған. 1 тәулікте 120 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды.
Соңғы 3 күнде 6769 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 476 865. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 6647. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 262 702. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 4659.