
14.07.21 жылғы дерек бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 28 589 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте ауырғандар саны - 134, өсім деңгейі - 0,3%.
Соның ішінде Талғар ауданында - 30, Талдықорған қаласында - 29, Іле ауданында - 20, Еңбекшіқазақ ауданында - 9, Қаратал, Панфилов аудандарында - 7-ден, Ұйғыр, Алакөл аудандарында - 5-тен, Қарасай, Ескелді аудандарында - 4-тен, Балқаш, Жамбыл аудандарында - 3-тен, Райымбек, Кербұлақ аудандарында, Текелі қаласында - 2-ден, Көксу ауданында және Қапшағай қаласында - 1-ден.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5127 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте - 11. Соның ішінде Талдықорған қаласында - 10, Ұйғыр ауданында - 1. Олармен 21 адамның байланыста болғаны анықталды, барлығы да медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.
14.07.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден өткендер саны - 757 235 адам, соңғы үш күнде тексерілгендер - 5157.
Барлығы 1006адам стационарлық ем қабылдауда, соның ішінде 31-інің халі ауыр. ауруханаларға бір тәулікте 128 адам түсті, 75 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 49,5%.
Өткен тәулікте барлығы 58 адам коронавирустан жазылды.
14.07.2021 жылғы дерек бойынша COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның І компонентін 10523 адам, ІІ компонентін 4537 адам алды. І компонентін барлығы 481 969 адам, ІІ компонентін 253 422 адам салғызды.