
12.07.21 жылғы жағдай бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 28 369 дерегі анықталды.
Соңғы тәулікте 85 жағдай расталды, өсім деңгейі - 0,3%.
Соның ішінде Іле ауданында - 20, Талдықорған қаласында - 19, Талғар ауданында - 11, Қарасай ауданында - 10, Қаратал ауданында және Текелі қаласында - 5-тен, Балқаш, Жамбыл аудандарында - 3-тен, Алакөл, Еңбекшиіқзақ - 2-ден, Сарқан, Көксу, Ескелді, Райымбек, Ұйғыр аудандарында - 1-ден.
01.08.20 жылдан бастап анықталмаған пневмонияның 5093 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте - 23 жағдай. Соның ішінде Қарасай ауданында - 22, Қаратал ауданында - 1. Олармен 37 адам байланыста болған, барлығы медициналық бақылауда, үй карантинінде.
11.07.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 753 611 адам зертханалық тексеруден өткен, соның ішінде соңғы 3 күнде 5656 адам тексерілді.
Барлығы 910 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 29-ының халі ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 95 адам түсті, 44 адам шығарылды. Инфекциялық төсек орын жүктемесі - 48,9%.
Өткен тәулікте барлығы 8 адам коронавирустан айықты.
12.07.2021 жылғы дерек бойынша ковид инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 5654 адам, ІІ компонентін 1608 адам алды. Барлығы І компоненті 440 143 адамға, ІІ - 241 985 адамға салынды.