
09.07.21 жылғы дерек бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 28 052 жағдайы тіркелді.
Соңғы тәулікте 89 жағдай тіркелді, өсім деңгейі - 0,3%.
Соның ішінде Талдықорғанда - 33, Талғар ауданында - 12, Іле - 11, Қарасай ауданында - 8, Панфилов ауданында - 7, Жамбыл ауданында - 5, Еңбекшіқазақ ауданында - 4, Кербұлақ ауданында - 2, Райымбек, Кеген, Көксу, Қаратал, Кеген, Алакөл аудандары мен Қапшағай қаласында - 1.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5032 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 33 адам жұқтырған. Соның ішінде Қаратал ауданында - 10, Алакөл ауданында - 7, Талдықорған қаласында - 6, Қарасай ауданында және Қапшағай қаласында - 4-тен, Еңбекшіқазақ ауданында - 2. Олармен 36 адам байланыста болған, олардың барлығы медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде.
09.07.21 жылы ПЦР тәсілімен 747 955 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы үш күндегі тексерілгендер саны - 5099.
Қазіргі кезде 773 адам стационарлық ем қабылдауда, 27-сінің жағдай ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 100 адам түсті, 84 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын толымдылығы - 45,7%.
Өткен тәулікте өңірде 24 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.
09.07.2021 жылы COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 11536 адам, ІІ компонентін 3202 адам алды. І компоненті барлығы 413 298 адамға, ІІ - 233 780 адамға салынды.
Өңір коронавирустың таралуы жағынан "сары" аймақта.