Соңғы тәулікте 86 адам КВИ жұқтырды

Соңғы тәулікте 86 адам КВИ жұқтырды

08.07.21 жылғы жағдай бойынша облыста КВИ-дің зартханалық расталған 27 963 дерегі тіркелді. 

Соңғы тәулікте 86 адам коронавирус жұқтырған, өсім деңгейі - 0,3%.

Соның ішінде Талғар ауданында - 28, Талдықорған қаласында - 19, Іле, Панфилов аудандарында - 7, Қарасай, Қаратал аудандарында - 4-тен, Еңбекшіқазақ, Ақсу, Көксу аудандарында - 3-тен, Жамбыл, Ескелді аудандарында - 2-ден, Кербұлақ, Балқаш, Ұйғыр аудандары мен Текелі қаласында - 1-ден. 

01.08.20 жылдың дерегі бойынша анықталмаған пневмонияның 4999 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте анықталғаны - 20. Соның ішінде Қарасай ауданында - 11, Қапшағай қаласында - 4, Талдықорған қаласында - 3, Еңбекшіқазақ ауданында - 2.

08.07.21 жылы ПЦР тәсілімен 745672 адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы 3 күнде тексерілгендер - 3910.

Барлығы 757 адам стационарлық ем қабылдауда, соның ішінде 22-сі ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 93 адам түскен, 37 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 44,7%.

Өткен тәулікте 18 адам коронавирус инфекциясынан жазылыды. 

08.07.2021 жылғы мәлімет бойынша COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның І компонентін 11713 адам, ІІ компонентін - 3783 адам алды. І компонентті барлығы 401 762 человека, ІІ - 230 581 адам салдырды.

Өңір коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта.