Соңғы тәулікте 88 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Соңғы тәулікте 88 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

03.07.2021 жылғы дерек бойынша КВИ-дің зертханалық расталған 27 536 жағдайы тіркелген.

Соңғы тәулікте 88 жағдай анықталды, өсім деңгейі – 0,3 %.

Соның ішінде Талдықорған қаласында  - 17, Талғар ауданында – 16, Іле ауданында – 15, Қаратал ауданында – 9, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында – 6, Қарасай, Сарқан, Балқаш аудандары мен Текелі қаласында – 3-тен, Кеген, Көксу, Панфилов аудандарында – 2-ден, Райымбек ауданында – 1 жағдай.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 4952 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте 15 жағдай анықталды. Соның ішінде Райымбек ауданы мен Талдықорған қаласында – 5-тен, Ескелді, Қарасай аудандарында – 2-ден, Ақсу ауданында 1 жағдай белгілі болды.

03.07.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 738 156 адам зертханалық тексеруден өттті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 6197.

Барлығы 568 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 19-ының хәлі ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 82 адам түсті, 48-і ауруханадан шықты. Төсек-орын жүктемесі – 39,7%.

Өңірде өткен тәулікте коронавирустан 39 адам жазылды.

03.07.2021 жылғы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9122 адам, ІІ компонентін 4643 адам алды. Жалпы егу науқаны басталғалы бері І компонентін 365 913 адам, ІІ компонентін 218 377 адам салғызған.