
Алматы облысында өткен тәулікте 53 адамнан коронавирус анықталды.
Соның ішінде Талдықорған қаласында 10 жағдай, Іле ауданында – 9, Талғар ауданында – 8, Қарасай ауданында – 6, Текелі қаласында – 4, Ескелді, Жамбыл, Қаратал аудандарында 3 жағдайдан, Көксу және Панфилов аудандарында 2 жағдайдан, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Сондай-ақ 53 адам жазылып шықты.
Өңір "жасыл" аймақта.
Ауруханаларда 549 адам ем қабылдауда, соның 22-нің жағдайы ауыр. 1 тәулікте 53 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 27 %-ке толған.
Соңғы 3 күнде 4868 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 24 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 340 767. Соның ішінде өткен тәулікте екпе алғандар саны – 7055. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 206 739, соның 3921-і өткен тәулікте салғызған.