Жергілікті және республикалық бюджет есебінен берілетін білім беру гранттары бойынша ақпарат

Жергілікті және республикалық бюджет есебінен берілетін білім беру гранттары бойынша ақпарат

5 -10 тамыз аралығында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың қабылдау комиссиясы ҰБТ-да шектік балл алған талапкерлерден құжат қабылдайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тізбесі қажет:

 

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

 

2) білімі туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

 

3) ҰБТ сертификаты;

 

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

 

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

 

Сонымен қатар, талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

 

Білім беру гранттары ҰБТ сертификаттарының балдарына сәйкес тағайындалады.

 

Барлық сұрақтар бойынша облыстық білім басқармасының маманы Саида Самановаға 8 7282 32-96-89 телефоны арқылы хабарласуға болады.