
Соңғы күндері республикада КВИ жұқтырған адамдардың өсуі байқалады. Алматы облысында, жалпы республика бойынша COVID-19 ауруының көтерілуінің негізгі себебі, мутацияланған штаммдардың жалғасуы және инфекцияның тез таралуына себеп «дельта» жаңа неғұрлым агрессивті штаммының пайда болуымен байланысты.
Облыс тұрғындардың маскалық және қашықтық режимін сақтамауы, халықтың вакцинация алуға немқұрайлы қарауы салдарынан, өңірде R санының (жұқтыру көрсеткіші) 0,8-ден 1,0-ге дейін өсуінің басты себеп болып отыр.
Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шектеу шараларын күшейту туралы қаулысы дайындалуда.