
21.06.21 жылғы жағдай бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 27 006 дерегі тіркелді.
Соңғы тәулікте 13 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,05%.
Соның ішінде Талдықорғанда - 5, Жамбыл ауданында - 3, Талғар - 2, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ аудандарында - 1-ден.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның барлығы 4828 дерегі тіркелді. Соңғы тәулікте ауырғандар болған жоқ.
21.06.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен 715 728 адам зертханалық тексеруден өтті, соның ішінде соңғы 3 күнде тексерілгендер саны - 4938.
Стационарлық емді 611 адам қабылдап жатыр, оның 26-сының жағдайы ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 34 адам түсті, 26 адам шықты. Инфекциялық төсек-орын толымдылығы - 30%.
Өткен тәулікте барлығы 56 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.
21.06.2021 жылғы дерек бойынша COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның І компоненті 2218 адамға, ІІ компоненті 1804 адамға салынды. І компонентін барлығы 289 835 адам, ІІ компонентін 181 039 адам алды.
Өңір "жасыл аймақта".