Соңғы тәулікте 29 адам КВИ жұқтырған

Соңғы тәулікте 29 адам КВИ жұқтырған

14.06.21 жылғы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 26 791 дерегі тіркелген.

Соңғы тәулікте 29 адам коронавирус жұқтырған, өсім деңгейі - 0,1%.

Соның ішінде Талғар ауданында - 9, Талдықорған қаласында – 5, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында – 3-тен, Ұйғыр, Ескелді, Сарқан аудандарында – 2-ден, Ақсу, Алакөл, Кеген аудандарында – 1-ден.

01.08.20 жылдан бастап анықталмаған пневмонияның 4770 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте ауру жұқтырғандар анықталған жоқ.

14.06.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 703 110 адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 5181

782 адам стационарлық ем алуда, оның 33-і – ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 45 адам түсті, 59 адам ауруханалардан шықты. Инфекциялық төсек орын толымдылығы - 31,7%.

Жалпы бір тәулікте 37 адам коронавирус инфекциясынан айықты.

14.06.2121 жылғы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның І компоненті 5676адамға, ІІ компоненті 3835 адамға салынды. Жалпы І компонентін алғандар саны – 262 630 адам, ІІ компонентін алғандар саны – 159 072 адам.

Өңір коронавирустың таралу деңгейі бойынша «жасыл» аймақта.