
09.06.21 жылғы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 26 547 дерегі тіркелген.
Соңғы тәулікте КВИ-мен 40 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,2%.
Соның ішінде Талдықорған қаласында – 15, Талғар ауданында - 6, Қарасай, Қаратал аудандарында – 4-тен, Балқаш ауданында,– 3, Іле, Көксу аудандарында – 2-ден, Жамбыл, Кербұлақ, Кеген аудандарында, Текелі қаласында – 1-ден.
01.08.20 жылдан бастап анықталмаған пневмонияның 4725 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте анықталғаны – 13, соның ішінде Қарасай ауданында (5), Балқаш ауданы мен Текелі қаласында (3-тен), Кеген ауданы мен Талдықорған қаласында (1). Сырқаттармен 25 адам байланыста болған. Олар үй карантинінде, медициналық бақылауда.
09.06.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 693 766 адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 5014.
965 адам стационарлық ем алып жатыр, оның 35-і – ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 81 адам түсті, 134 адам ауруханалардан шықты. Инфекциялық төсек орын толымдылығы - 39,2%.
Жалпы бір тәулікте 26 адам КВИ-дан айықты.
09.06.2121 жылғы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның І компоненті 3269 адамға, ІІ компоненті 1761 адамға салынды. Жалпы І компонентін алғандар саны – 240 276 адам, ІІ компонентін алғандар саны – 142 852 адам.
Өңір коронавирустың таралу деңгейі бойынша «жасыл» аймақта.