
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу.
Игі шара барысында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, киім-кешек, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнде жетісулық 770 оқушыға 9 млн. көлемінде демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл сайын шараның ауқымы кеңейіп, тұрақты демеушілер мен меценаттардың қатары артып келеді. Мәселен, былтыр облыс бойынша 3 млрд. теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілген, соның ішінде 2,4 млдр. теңгелік көмек демеушілер тарапынан жасалған. Айта кетсек, шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.