
Бұл шара барысында бір сағатта әрбір интернет қолданушы өзін қызықтырған түрлі салаға қатысты сауалдарын қойып, оған нақты жауап ала алады.
Бүгінге дейін түрлі сала басшыларының қатысуымен осындай 7 онлайн- кездесу өткізілген.
Тікелей эфирде ғаламтор қолданушыларының сауалдарына «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Тенезбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ілияс Белгібаев және басқалар жауап берді.
Жобалық кеңсе жетекшісінің айтуынша, әрбір эфир кезінде тұрғындардан 40-тай сауал түседі.
– Ұйымдастырушылардың мақсаты –«жылдам әрі нақты жауап» принципін сақтау, сөйтіп билік өкілдерінің жеделдігін, нақтылығын, ашықтығын таныту. Жуық арада әлеуметтік қамту, тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен автокөлік, ауыл шаруашылығы, көші-қон қызметі, сот жүйесінің басшылықтары тікелей эфирге шығады деп жоспарланып отыр, - деп атап өтті А. Жазықбаев