Республикалық экологиялық акцияға атсалысуға шақырамыз!

Республикалық экологиялық акцияға атсалысуға шақырамыз!

Биылғы жылдың 27 шілдесінде сағат 09:00-де облыс аумағындағы саябақтардың, скверлердің, демалыс орындарының, көл жағалауларының, су қоймаларының, өзендердің, бұлақтардың және автокөлік жолдарының аумақтарын тазалау бойынша #Birge #Taza Qazaqstan Республикалық экологиялық акциясы өтеді.

Осыған орай баршаңызды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Аталған іс-шараға атсалысу арқылы қоршаған ортаның тазалығына үлес қосайық!

Табиғат тазалығы – халық саулығы!