Соңғы тәулікте 65 адам КВИ жұқтырды

Соңғы тәулікте 65 адам КВИ жұқтырды

03.06.21 жылғы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 26 216 дерегі тіркелген.

Соңғы тәулікте 65 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,2%.

Соның ішінде Талдықорған қаласында - 17, Талғар ауданында - 9, Сарқан мен Еңбекшіқазақ аудандарында - 6-дан,Қарасай,  Жамбыл аудандарында – 4-тен, Іле, Ескелді, Кербұлақ аудандарында – 3-тен, Панфилов, Ұйғыр, Көксу аудандарында – 2-ден, Балқаш, Қаратал аудандарында, Қапшағай, Текелі қалаларында - 1-ден.

01.08.20 жылдан бастап анықталмаған пневмонияның 4619 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте анықталғаны - 10: Ақсу (8) ауданында, Талдықорған (2) қаласында.

Сырқаттармен 28 адам байланыста болған, барлығы медбақылауға алынған, үй карантинінде. 

03.06.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 682 371  адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 6234.

1135 адам стационарлық ем қабылдауда, оның 42-сі - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 74 адам түсті, 127 адам ауруханалардан жазылып шықты. Инфекциялық төсек орын толымдылығы - 46,1%.

03.06.2121 жылғы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның І компоненті 594 адамға, ІІ компоненті 1155 адамға салынды. Жалпы І компонентін алғандар саны – 223 677 адам, ІІ компонентін алғандар – 133 270.