Көгілдір отын Ұйғыр ауданына келді

Көгілдір отын Ұйғыр ауданына келді

-Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Жетісу жерін көгілдір отынмен қамтамасыз етудің кешенді іс-шаралары жалғасып келеді. Соның бір көрінісіндей бүгін міне, Ұйғыр ауданына көгілдір отын келеп отыр. Бұл үлкен жақсылық. Облысты көгілдір отынмен қамту үшін жыл сайын бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Алматы қаласынан Талдықорғанға дейін газ желісі тартылды. Бақанасқа, Қаратал мен Текеліге, Кербұлаққа, Жаркентке көгілдір отын жеткізілді. Болашақта Алакөл ауданына, таулы өңірге қоныстанған Райымбек, Кеген аудандарына да көгілдір отын жеткізудің жоспары бар. Бүгінгі қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндіре берсін! Әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш тілеймін!,-деді облыс әкімі шынайы көңілімен.

 

   Бұдан кейін сөз алған «Азия газ Чунджа» компаниясының директоры Роман Наханов жиналған көпшілікті көгілдір отынның қуанышымен құттықтады. Қолдарыңызға тиіп тұрған жақсылықты пайдалануға тырысыңыздар деген ниетін білдірді. Облыстық мәслихаттың депутаты, осы өңірдің бір айтулы перзенті Ызғарбек Бектұрсынов ауданды көгілдір отынмен қамтумасыз етудің үлкен еңбекпен келгенін атап айтып, өңірге келген көгілдір отын – бұл заманға лайық өсіп-өркендеудің, дамудың бір сатысы, жарқын да жайдары көрінісі екенін алға тартты. Жерлестерін толағай қуаныштарымен құттықтады. Осыдан кейін облыс әкімі Амандық Баталов көгілдір отынның алауын тұтатты. Сөйтіп, Ұйғыр ауданының тұрғындары үлкен қуанышқа, жақсылыққа кенелді.