
«Шаһарды қалпына келтіру бойынша еліміздің әр облысы және респуликалық маңызы бар қалаларға арнайы учаскелер берілді. Бізге №15 учаске берілді. Бұл ауданда 29 көшеде онласқан 9 әлеуметтік, 14 коммерциялық нысан мен 854 жекеменшік тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 157 жекеменшік үй облыс тарапынан қалпына келтірілетін болады. Бүгінгі күні жұмыстың жоспары жасалып, ауқымы анықталуда», - деді Амандық Баталов.
Бұл істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласында арнайы жұмыс тобы жүр деген облыс басшысы құрылыс бір айдың ішінде бітуі тиіс екендігін алға тартты.