Соңғы тәулікте 166 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Соңғы тәулікте 166 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

20.0521 жылғы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 24 815 дерегі тіркелді. Соңғы тәулікте 166 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,7%.

Соның ішінде Талғар ауданында - 32, Талдықорған қаласында - 27, Панфилов ауданында - 19, Іле ауданында - 15, Жамбыл, Қарасай аудандарында - 13, Еңбекшіқазақ ауданы - 9, Қаратал, Ұйғыр аудандарында - 6-дан, Көксу, Сарқан аудандарында - 5-тен, Балқаш - 4, Ақсу, Ескелді, Алакөл аудандары мен Текелі қаласында - 2-ден, Кербұлақ, Райымбек, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында - 1-ден.

Олармен байланыста болған 481 адам анықталды, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауда

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 4351 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте - 39 дерек: Қарасай ауданында және Қапшағай қаласында (11-ден), Сарқан ауданы мен Текелі қаласында (3-тен), Еңбекшіқазақ ауданында (2),  Талдықорған қаласында (8), Кербұлақ ауданында (1). Олармен 53 адам байланыста болған, барлығы медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде. 

20.05.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 652754 адам өткен, соның ішінде соңғы 3 күнде - 7043 адам.

Барлығы 1794 адам ем алуда, соның ішінде 47-сі - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 120 адам түскен,  210 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсек-орын толымдылығы - 37,4%

Сол сияқты өткен тәулікте өңірде 397 адам COVID-19 инфекциясынан жазылды.  

Вакцинаның І компонентін 199 638 адам, ІІ компонентін 105 027 адам алды.